ШЖҚ КМК "Атырау облыстық наркологиялық диспансері"
0

   

Атырау облыстық наркологиялық диспансері шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
26  маусым – Дүниежүзілік нашақорлықпен және есірткі бизнесімен  күрес күніне арналған өткізілген іс-шаралар есебі

Жасақталған ішкі жоспар негізінде іс шараға байланысты  Облыстық наркология диспансері төмендегідей іс шаралар өткізді.

1.      Бөлімшелерде науқастар,келушілер және қызметкерлер арасында нашақорлықтың алдын-алу  туралы лекциялар өткізілді. Бөлімшедегі емделушілерге слайдтар көрсетілді.

2.      Бөлімшелерге халық көп шоғырланатын жерлерге үгіт-насихат ақпараттары ілінді. Келушілерге буклеттер таратылды.

3.      Диспансер  дәрігер-наркологтары, психолог мамандар осы тақырыпта әр түрлі шараларға қатысып, лекциялар оқыды.Диспансер бөлімшесі психолог маманы Ажігалиева Ұ. Сатпаев орта мектебі мұғалімдер ұжымы арасында нашақорлық туралы ақпарат беріп әнгіме өткізді. 16 қызметкер қатысты.  Диспансер бөлімшесі нарколог-дәрігері Куписова А.  28.06.2017 жылы «Есірткінің адам ағзасына тигізетін зияны» тақырыбындаТөтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері арасында өткен шараға қатысып, ақпарат берді.Шараға 40 қызметкер қатысқан.

4.      26 маусым  күні Атырау облыстық наркология диспансерінде Ашық есік күні болды. Онда кез-келген келуші диспансер маманынан тегін кеңестер алды. Тегін дәрігер-нарколог кеңесін 6 келуші, психолог кеңесіне 4 келуші жүгінді. Барлық маман кеңесі жасырын (анонимно) өтті.

5.      Аналар есірткіге қарсы ұранымен диспансер бөлімшесі мамандары дөңгелек үстел өткізілді.(Хаттама жалғанды.)

6.      Орталық «Исатай- Махамбет» алаңында «Спорт-нашақорлыққа қарсы» ұранымен Атырау облыстық СӨС орталығы ұйымдастырып өткізілген акцияға қатыстық. АОНД дәрігер-наркологы Есенгелдин Т.А. қала тұрғындары алдында сөз сөйледі. Веломарофонға диспансер атынан 4 өкіліміз қатысып, Нұрланов Ермұрат жүлделі 3 орын алды. 40 диспансер қызметкерлері акцияға қатысты. «Атырау-есірткісіз қала» атты ұрандар мен ақпараттар ілдік.

 

          

 

 

Орындаған: Габбасова Г.

24-41-85